Асханасының жұмысын ұйымдастыруға бракераждық комиссия
2026 жылдың 25 қыркүйек күні Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебінің асханасының жұмысын ұйымдастыруға бракераждық комиссия тарапынан тексеріс жүргізілді. Комиссия құрамында: мектеп Б.Баймагамбетова, қамқоршылық кеңесінің төрайымы Т.Б.Искакова, директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахмет Тания, әлеуметтік педагогтар А.Байбулатова, А.К.Алгожина, медбике А.К.Жарасбаева болды. Тексеру барысында асхананың жұмыс тәртібі, ұсынылатын ыстық тамақтың түрлері мен сапасы қарастырылды. Асхана жұмысы жүйелі ұйымдастырылғаны, оқушыларды сапалы әрі ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша тұрақты бақылау жүргізілетіні анықталды. Ас мәзірі белгіленген талаптарға сәйкес келеді. Қызметкерлердің жеке гигиена талаптары:Асхана қызметкерлерінің арнайы киіммен қамтамасыз етілуі, медициналық кітапшаларының мерзімді тексеруден өтуі талапқа сай.
Ұсыныс: кәсіпкер тарапынан санитариялық және сапалық талаптарға сәйкес сертификаттарды жаңарту.
Қорытынды: Жүргізілген тексеру нәтижесінде мектеп асханасының жұмысы жалпы алғанда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және тамақ дайындау нормаларына сәйкес деп бағаланды. Комиссия тарапынан жұмыс барысын әрі қарай да тұрақты бақылауда ұстау ұсынылды.