“Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі” КММ. Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай мектебіміздің оқушылары «Туған тілім – мәңгі өнеге айдыным!» тақырыбында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде онлайн құттықтау челленджіне қатысты.
Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани қазынасы. Ана тілімізді ардақтап, өзге тілдерді құрметтеу – әрбір азаматтың парызы. Баршаңызды Қазақстан халқы тілдерінің күнімен құттықтаймыз!