«Сенім алаңы»
«Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де жазғы демалыс кезеңінде тамыздың 18 мен 28 аралығында білім алушыларға үздіксіз психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында «Сенім алаңы» психологиялық алаңы ұйымдастырылды.
Психологиялық алаңның негізгі мақсаты – жазғы демалыс уақытында білім алушылардың психологиялық саулығын нығайту, эмоционалдық көңіл-күйін тұрақтандыру, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және балаларға қажетті психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.