БІЛІМ КҮНІ – 2026
Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебінде жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына орай салтанатты саптүзеу ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шараға мектеп оқушылары, ата-аналар және мектеп ұжымы қатысты. Салтанатты жиын барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, Мемлекеттік Гимн орындалды.
Іс-шараға құрметті қонақтар қатысып, оқушыларға ақжолтай тілектерін білдірді:

Аудандық мәслихат төрағасы Баумагамбетов С.Т.;

Аудандық полиция бөлімінің басшысы Харипов М.Е.;

кәсіпкер, мектеп демеушісі Шаяхин К.Қ.;

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Искакова Т.Б.;

Мектепішілік әжелер кеңесінің төрағасы Амангельдиева Т.Ә.
Мектеп директоры Баймагамбетова Б.Ш. ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, өткен оқу жылындағы жетістіктерге тоқталды. Сонымен қатар алдағы оқу жылына қойылған мақсат-міндеттермен бөлісті.
Салтанатты жиын барысында 2025–2026 оқу жылын үздік аяқтаған 5–10 сынып оқушыларына мақтау қағаздары табысталды. Бұл – оқушылардың білімге деген ұмтылысы мен еңбегінің жарқын нәтижесі.

Жаңа оқу жылы барша оқушыларға жаңа білім, биік жетістіктер мен жарқын мүмкіндіктер әкелсін! Ұстаздарға шығармашылық табыс, ата-аналарға амандық, ал жас ұрпаққа сәттілік тілейміз!
Білім күні құтты болсын!

