Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Конституция – адал азамат пен жауапты қоғамның негізі»

1 қыркүйек – Білім күніне орай Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебінде «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарында білім алушылар Конституцияның маңыздылығы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң мен тәртіпті сақтау, адал еңбек, ұлттық құндылықтар және қоршаған ортаға жауапкершілік туралы ой бөлісті.
Сонымен қатар «Адал азамат», «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп», «Зерделі ұлт» құндылықтарына ерекше назар аударылып, оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған пікірталастар мен интерактивті тапсырмалар ұйымдастырылды.
✨ Заңды құрметтеу – елді құрметтеу!
Таза орта – жауапты азаматтан басталады!


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено