13 тамыз күні НСШ №2 және Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі (НҚОМ) командалары арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті.
Спорттық кездесудің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру, ұжымдар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және өзара тәжірибе алмасу.
Ойын барысында қатысушылар белсенділік танытып, командалық бірлік пен спорттық шеберліктерін көрсетті. Жолдастық кездесу көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға жағымды әсер сыйлады.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз! Алдағы уақытта да осындай спорттық кездесулер жалғасын таба берсін!