Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн»

«Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ақпараттық-ағарту акциясы аясында мектеп жанындағы "Қарлығаш" лагеріне қатысушылармен әлеуметткі педагог А.Байбулатова «Жақсы көңіл күй чемоданы» акциясын өткізді. Акцияның мақсаты – білім алушылардың жағымды эмоционалдық көңіл күйін қалыптастыру, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайту, психологиялық қолдау көрсету.
Іс-шара барысында қатысушылар «сабырлылық», «достық», «сенімділік», «қуаныш», «қолдау», «жақсы көңіл күй», «қауіпсіздік», «батылдық», «мейірімділік» сияқты жағымды қасиеттер мен ресурстарды таңдап, олардың маңыздылығын талқылады. Акция балалардың эмоционалдық тұрақтылығын арттыруға және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етті.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено