Дәрісті агенттік пунктінің бастығы Назаров Нурбол Түзелбекұлы және еңбек қауіпсіздігі инженері Ташенова Гүлдана Баймағанбетқызы өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға теміржол жолдарының маңындағы қауіпсіздік ережелері, теміржол өткелдерінен өту кезіндегі сақтық шаралары, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын сақтамаудың салдары түсіндірілді.