«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы»
2026 жылдың 21 сәуір күні
«№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты онкүндік өз жалғасын табуда. Бүгін мектепте ерекше форматта «Оқу сағаты» ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында 6-сынып оқушылары тәлімгер рөлін атқарып,
2 және 4-сынып оқушыларына мейірімділік пен адамгершілікке тәрбиелейтін әсерлі әңгімелер оқып берді.
Мұндай кездесулер бастауыш сынып оқушыларының кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға зор ықпал етеді.