Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Ауыл мектебі – сапа алаңы» Республикалық жобасы.

.Мүсірепов атындағы ауданның Ғ.Мүсірепов Білімбөлімі
#Урожайное Орта мектебі
#Володарское Орта мектебі
#Ефимовка Негізгі мектебі
#Пески Орта Мектебі
#Целинное Орта Мектебі
«Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасын ауқымда кеңейту аясында 2026 жылғы ақпан айында аталған жобаға тірек мектеп ретінде «№ 2 Новоишим орта мектебі » КММ, сондай-ақ алты шағын жинақты мектеп – «Урожайная орта мектебі», «Ефимовская негізгі мектебі», «Дружбинская орта мектебі», «Целинная орта мектебі», «Володарская орта мектебі», «Пескинская орта мектебі» қосылды.
Ұйымдастыру жұмыстары барысында тірек мектеп пен магниттік мектептердің өзара іс-қимылы бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімімен бірлескен жоспар әзірленді.
Аталған ынтымақтастықтың мақсаты – білім алушылардың оқу жетістіктерінің сапасын арттыру үшін тірек мектеп базасында магниттік мектептерге әдістемелік қолдаудың тиімді жүйесін құру, сондай-ақ тірек мектептің кадрлық, материалдық-техникалық және әдістемелік әлеуетін тиімді пайдалану.
Жоспарға сәйкес 2026 жылғы 25 ақпанда 7-сыныптарда ағылшын тілі пәні бойынша онлайн сабақ өткізілді. Әдістемелік тәлімгер ретінде «Урожайная орта мектебінің» ағылшын тілі пәні мұғалімі Скоробогатов А.С. қатысты. Сабақ мазмұнды, қызықты әрі нәтижелі өтті, оқушыларға сабақтың осындай форматта өтуі ұнады.


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено