«Қосымша білім – ұлттық құндылық» челленджі
№2 Новоишим орта мектебі КММ-нің 5 «А» сынып оқушылары «Қосымша білім – ұлттық құндылық» тақырыбындағы Республикалық челленджге белсене қатысты.
Челлендж аясында оқушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қосымша білім арқылы өз қабілеттерін дамытып, салт-дәстүрге деген құрметін көрсетті.
Бұл бастама – жас ұрпақтың рухани бай, білімді әрі елжанды болып қалыптасуына үлкен үлес қосады

Ұлттық құндылық – ұлт болашағы!