мектеп парламенті «Жауапкершілік және заң» атты инфографиканы тарату акциясын ұйымдастырды.
Оқушылардың салық және салық салу саласындағы азаматтық жауапкершілігін дамыту мақсатында мектеп парламенті «Жауапкершілік және заң» атты инфографиканы тарату акциясын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында ата-аналарға құқықтық сауаттылықты арттыруға, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіруге және әрбір азаматтың мемлекет алдындағы жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық парақшалар таратылды. Инфографика қолжетімді әрі түсінікті форматта ата-аналар қауымын салық мәдениетінің негіздерімен және заңға бағыну қағидаларымен таныстырды.
Өткізілген акция азаматтық белсенділікті, құқықтық сананы және жауапкершілікті дамытуға ықпал етті.