2025 жылы 24 қазанда Республика күніне орай "Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-де "Қыран елім - Қазақстан" атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
2025 жылы 24 қазанда Республика күніне орай "Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-де "Қыран елім - Қазақстан" атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Мереке жоғары деңгейде, мазмұнды әрі әсерлі түрде өтті, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, патриоттық сезімін және ұлттық мәдениетке деген құрметін айқын көрсетті.
Іс-шара барысында 2 сынып оқушыларын біріңғай "Жас қыран" ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді.Мектеп ұстаздары мен парламент мүшелері "Жас қырандардың" антын тыңдап аспан түстес галстук пен төсбелгі тағу рәсімін өткізді.
Аталған іс-шара оқушылардың бойында патриоттық сезімді, елге деген сүйіспеншілікті, бірлік пен шығармашылық рухты қалыптастырды. Мерекелік бағдарлама мектеп ұжымының бірлігін нығайтып, оқушыларға тәуелсіздік құндылығын сезінуге, ұлттық мәдениетке құрметпен қарауға зор мүмкіндік берді.