«Менің Қазақстаным» – поэзияға толы жүрек үні
«Менің Қазақстаным» – поэзияға толы жүрек үні
2025 жылдың 21 қазан күні, Республика күні қарсаңында "Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі" КММ-де "Қазақ поэзиясы" күні аясында 2–4 сынып оқушылары арасында «Менің Қазақстаным» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Іс-шараның ашылуы Мемлекеттік гимнді айтумен басталып, отан, ел, тақырыбындағы қалам тартқан авторлардың шығармаларын оқумен жалғасты.
🗣 Жас оқырмандар туған ел, Отан, Тәуелсіздік тақырыптарындағы өлеңдерді жүрекпен оқып, көркем сөз арқылы елге деген сүйіспеншіліктерін жеткізе білді.
✨ Іс-шараны бастауыш сынып мұғалімдері Увалиева Б.А. мен Амиржанова Г.Е. ұйымдастырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына үлес қосты.
📜 Байқау соңында белсенді қатысушылар марапатталып, жүлделі орындар иеленді.