Ардагер ұстаздар аллеясы ұйымдастырылды
Ардагер ұстаздар аллеясы ұйымдастырылды
Білім мен тәрбиенің шамшырағы болған ардагер ұстаздарға деген құрмет белгісі ретінде мектеп маңында арнайы «Ардагер ұстаздар аллеясы» ұйымдастырылды. Бұл игі шара — ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан, ұзақ жылдар бойы шәкірт жүрегіне ізгілік пен білім дәнін сепкен ұстаздар еңбегіне деген шынайы алғыс пен тағзымның көрінісі.Іс-шараға мектеп әкімшілігі мен 11-сынып оқушылары белсене қатысты.
Аллея аумағына қарағай көшеттері отырғызылып. Бұл аллея — кейінгі буынға үлгі болып, ұстаз мамандығының қадір-қасиетін ұғындыруда маңызы зор бастама болды.