
Жазғы еңбек практикасы жалғасуда!
«№2 Новоишим орта мектебі»КММ-де оқушылардың мектеп ауласындағы жазғы еңбек практикасы қарқынды өтуде. Бұл — оқушылар арасында еңбекқорлықты, жауапкершілікті және дене еңбегіне құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған республикалық «Еңбегі адал жас өрен» жобасының бір бөлігі.

Күн сайын оқушылар жақсы көңіл-күймен келіп, мектебінің көркеюіне өз үлестерін қосуға дайын. Мұғалімдердің жетекшілігімен олар гүлзарларды арам шөптен тазартып, өсімдіктерге күтім жасап, аумақты ретке келтіреді.
Ауа райының ыстығына қарамастан, оқушылар үлкен ынтамен еңбек етуде, өйткені олар өз күш-жігерінің мектеп ауласын көркейтіп, жайлы ете түсетінін жақсы түсінеді!


Еңбек практикасы — бұл тек дене еңбегі ғана емес, сонымен қатар баға жетпес тәжірибе: — командамен жұмыс жасау

— табиғатқа ұқыпты қарау

— агротехника бойынша пайдалы дағдылар

— көзбен көретін нәтиженің қуанышы


Летняя трудовая практика продолжается!
В КГУ «Новоишимская средняя школа №2» активно проходит летняя трудовая практика учащихся на пришкольном участке. Это часть республиканского проекта «Еңбегі адал жас өрен», направленного на воспитание трудолюбия, ответственности и уважения к физическому труду среди школьников.