Жазғы демалыс
2025 жылдың 30 мамыр күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-нің оқушылары Петропавл қаласына танымдық экскурсияға барып қайтты.

Абылай хан резиденциясы– қазақ мемлекеттілігінің рухын сезінуге мүмкіндік берген тарихи орын.

Өлкетану мұражайы– Солтүстік Қазақстанның бай тарихы мен мәдениетімен танысуға жол ашты.

«Нептун» аквапаркі– оқушылар үшін көңілді демалыс пен достық атмосфера сыйлаған ерекше сый болды.
Бұл күн оқушылар үшін ұмытылмас әсерге толы болды: олар жаңа дүниелер үйреніп, бір-бірімен жақын араласып, қуанышты сәттерді бірге бөлісті.

Естелікке суреттер, ал жүректеріне– жарқын эмоциялар қалды!
Ұйымдастырушылар мен жетекші ұстаздарға үлкен алғыс!