"Жас құтқарушылар" сайысы
2025 жылдың 25 күні Ғ.Мүсірепов атындағы "Төтенше жағдайлар бөлімінің" ұйымдастыруымен аудандық "Жас құтқарушылар" сайысы өтті. Мақсаты: жас құтқарушылар арасында бұқаралық құтқарушылар жұмыстарын жандандыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тəрбиелеу, құтқару әдіс-тəсілдері арқылы салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ балалар мен жастарды өрт-құтқару спортымен шұғылдануға тарту, жасөспірімдерді əскери-патриоттық негізде тəрбиелеу болып табылады. Нәтижесінде Новоишим қазақ орта мектебінің 8-10 сыныптардан құралған "Жас қырандар" тобы 1- ші орынды иеленді.
Жүлдегерлер бастық, азаматтық қорғау подполковнигі Мукашев С.Е.атынан мадақтамамен және кубоктармен марапатталды.
ЖАРАЙСЫҢДАР, ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР! Облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!