Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Ұлы даланың жеті қыры»



24  қараша күні мектеп директордың жанындағы отырыста  мұғалімдер ұжымы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылады.  

"Президент өз мақаласында ұлттық тарихымыз жөнінде тереңірек тоқталып, оның күрмеулі тұстарын кеңінен тарқата айтты. Ол ұлы дала мен онда тұрған халықтың тарихын, басқарушыларын, салт-дәстүрі мен өмір сүру қалпын баяндап, Қазақ елінің ұлттық жетістіктерін паш етті.

Мақалада ұлы дала халқы Әл-Фараби мен Яссауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай сынды тұлғаларды пір тұтаныны айтылған. Бұған орай, Елбасы тарихта ойып тұрып орын алатын адамдар құрметіне «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуды ұсынады.

Президенттің мақалаласы әлемдік өркениетке ұмтылған Қазақ елінің беделінің арта түсуіне зор үлес қосары анық. Біз Ұлы дала перзенті екенімізбен әрдайым мақтанамыз!"





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено