Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Рухани жаңғырудың жарқын жолы»


16 қараша  күні 10 а сыныбында «Рухани  жаңғырудың жарқын жолы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Тәрбие сағатты  оқушы  Кожахметов Диас жүргізді.  Ал мұғалім тек бағыт беруші рөлін атқарды.  Іс-шара барысында оқушылар 3 топқа бөлініп сұрақ-жауап арқылы жұмыс істеді, қанатты, нақыл сөздерді атап, алдын-ала дайындап әкелген  постерлерін қорғай білді. Постер тақырыптары:

 «Рухани жаңғыру – дәуір талабына сай жаңғыру»

 «Рухани жаңғыру - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу"

 «Рухани жаңғыру - табысты ел болуымыздың кепілі.

Мұғалім алдына қойған мақсатына жетті, оқушылар  белсенді қатысып, Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ өздері екендігін  терең сезінді.






Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено