Меню KDT

Новости

Главная Новости

Открытый урок казахского языка в 3 классе Молдабекова А К

                                         «Ломоносовка  орта мектебі» КММ

Сабақты өткізудің  күні: 24.11.2016

Сабақты өткізген мұғалім : Молдабекова Асылтас Қаирсалямқызы

3-сынып

Сабақтың тақырыбы : Қанша  тұрады?

Мақсаты : Азық-түлік бағасын сұрай алу және  жауап беру. Қазақ тілінде сандарды есте сақтап айту және жазу. Азық-түлік тағамдарын және олардың бағаларын айту. Қазақ тілінде есеп шығарып, функционалдық сауаттылығын дамыту

Міндеттері: 1.Білімділік : Азық-түлік бағасын сұрай алу және  жауап беру. Қазақ тілінде сандарды есте сақтап айту және жазу. Азық-түлік тағамдарын және олардың бағаларын айту. Қазақ тілінде есеп шығару

2.Дамытушылық : есте сақтау, қазақ тілінде санау, тіл дамыту дағдыларын дамыту

  1. Тәрбиелік : Қазақ тіліне қызығушылықтарын арттыру

Оқып-үйренудің нәтижесі : Азық-түлік бағасын сұрай алады және жауап беруге үйренеді. Қазақ тілінде сандарды есте сақтап айту және жазу. Азық-түлік тағамдарын және олардың бағаларын айту. Қазақ тілінде есеп шығару

Сабақтың түрі : білімді бекіту сабағы           

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, математика                                                                

 Әдіс-тәсілдер: вассерман технологиясының әдістері, диалогпен сөйлесу, көрнекілік, тірек белгілерді көрсетіп бағалау, рефлективті нысана, вассерман әдісі

Сабаққа қажетті ресурстар : үнтаспа, кәртішкелер, сандар, азық-түлік тағамдарының суреттері, бағалау тірек белгілері

Ұйымдастыру кезеңі.       Сабақтың басы

Сәлемдесу, кезекшімен жұмыс

Көшбасшыны ортаға  шығарып , сабақтағы ұранды айтқызу.

Үй тапсырмасын тексеру. Кәртішкелердегі  сандарды айызша айту. Әр оқушы кезегімен тұрып   ауызша  жауап береді. Әр оқушыға  кәртішкелердегі  әр түрлі ондық және жүздік бес сан көрсетіледі. Оқушылар   кәртішкеде  көрсетілген санды  қазақ тілінде айтуы керек. 4-5 санды қазақ тілінде дұрыс айтқан оқушы  + белгісімен белгіленеді, 4-тен кем санды айтқан оқушыға – белгісі қойылады.

Жаңа сабақ. Бүгінгі сабақтың  тақырыбы  «Қанша тұрады?»  Бүгінгі  сабақта сендер  сөздерді есте сақтап жазасыңдар, диалогпен сөйлесесіңдер және сұрақтарға жауап бересіңдер.

 

Жаңа сөздермен жұмыс. Жаңа сөздерді хормен айту, жеке айту

Қанша тұрады ?- сколько стоит                            Беріңізші – дайте

Үнтаспамен  жұмыс.  

4.4.1. үнтаспасын  қосып, оқушыларға  тыңдатқызу.

1-тапсырма 60 бет. Тыңда, қайтала.

 

Диалогпен сөйлесу. 1-тапсырма. Әр оқушыға  нөмірленген сандар беріледі. Сиқырлы қорапшаға  дәл сондай нөмірленген сандар болады. Кез-келген оқушыға қорапшадан екі санды шығарады. Қай екі оқушыда сондай сандар болса, сол екі оқушы шығып, 1-тапсырмадағы диалог бойынша  сөйлеседі. Қай оқушы  сұрақ немесе жауапты толық, дұрыс айтса, сол оқушыға  + белгісі қойылады.

Тірек-сөздермен жұмыс.

Тақтада  алдын-ала  кәртішкеде  7 сөз ілінеді. Қанша сөз жазғанын  жазады. Айтады. Қай оқушыда 6-7 сөз болса, сол оқушы + белгісін алады.

Оқушылар  1 минут ішінде  7 сөзді  есте  сақтап жазу керек. Содан кейін  оқушылар дәптерлермен ауысып, қарындашпен  түзетулер жасайды.

Оқулықпен  жұмыс.  Түсіндіремін

Балмұздақ  (60) алпыс теңге  тұрады. Шырын  80 (сексен) теңге тұрады. Сүт  100 (жүз) теңге  тұрады. Шұжық  (300)  теңге  тұрады. Жұмыртқа  (200) теңге тұрады. Су  (50)  елу теңге  тұрады. Нан  (60) теңге тұрады. Айран  (80) сексен  теңге тұрады.

Сұрақ-жауап. Оқушыларға  азық-түліктің  суреті  мен  санмен жазылған  бағасы  көрсетіледі.  Сұрақ қойылады. Оқушылар сурет бойынша  сұраққа жауап береді.Әр дұрыс жауапқа  + белгісі қойылады.  Үлгі :  Нан  қанша тұрады?  Жауап : Нан  60  теңге  тұрады. Оқушылар  қол көтеріп, жауап береді. Бірінші дұрыс жауап берген оқушыға  + белгісі қойылады. 

 

Фунционалдық  сауаттылықты дамытуға арналған сұрақтар.  3-тапсырма 61 бет.

1.Бір  балмұздақ  60 теңге тұрады. Үш балмұздақ  қанша тұрады?                                    2.Бір шырын  80 теңге тұрады. Үш шырын қанша тұрады?

Тақырыптық сөздер жазу.

15-20 сөз жазған оқушы белгісін алады. 

Оқушылар сабақта есте сақтап қалған  сөздерді  жазуы керек.

Кері байланыс.  «Рефлективті  нысана» әдісі. Оқушылар  сауалнамадағы  бір-екі  жауаптарды  таңдап, оқиды.

Үйге тапсырма : 1-тапсырма 60 бет. Диалог бойынша сөйлесуге дайындалу.

Шығармашылық тапсырма : Жазбаша жауап беру.

Бір нан 60 теңге тұрады. Үш нан қанша тұрады ?

Бір  жұмыртқа  10 теңге тұрады ? Он жұмыртқа қанша тұрады?

 

Бағалау. Оқушылар  тірек белгілерді көрсету арқылы бірін-бірі сабақ бойы бағалайды

 

 

 

 

 

Cабақтың өзіндік талдауы

Сабақты  өткізген : Біліктілігі  жоғары деңгейдегі  екінші  санатты  қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  Молдабекова Асылтас Қаирсалямқызы

Сабақты талдаушы : Біліктілігі жоғары деңгейдегі  жоғары санатты  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі  Азбуханова  Светлана  Анатольевна

Пән : Қазақ тілі                                        Күні : 24.11.2016 ж

 Сабақтың  тақырыбы: Қанша тұрады?                                                                             Сабақтың мақсаты : Азық-түлік бағасын сұрай алу және  жауап беру. Қазақ тілінде сандарды есте сақтап айту және жазу. Азық-түлік тағамдарын және олардың бағаларын айту. Қазақ тілінде есеп шығарып, функционалдық сауаттылығын дамыту

Біліктілігі жоғары  деңгейдегі  жоғары санатты  орыс тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі Азбуханова  Светлана Анатольевнаның  сабақтың өткізілгені  туралы  пікірі

   Сабаққа барлық оқушылар қатысты. Оқушылардың және мұғалімнің  сабаққа  дайындығы  байқалды. Оқушылардың  ойлау, есте сақтау қабілеттері  ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде  қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту, қолдану  көзделді. Бұл сабақ –өткен сабақты бекіту түрінде  өтті. Сабақтың  әр кезеңдері  бір-бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып  өз уақытында  өтті. Сабақ кезінде  үнтаспа тыңдалып, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар пайдаланылды. Сабақ бойы  оқушылар берілген тапсырмаларды  орындауға  белсенділік көрсетті. Сабақ  БИС технологиясы бойынша  «Ауызша сабақ»  түрінде  өткізілді. Оқушылар  белгілі уақыт ішінде  тиісті мөлшердегі  сөздерді  жазды.

Біліктілігі жоғары  деңгейдегі  екінші  санатты  қазақ  тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі   Молдабекова  Асылтас  Қаирсалямқызының  сабақтың өткізілгені  туралы  өзіндік  пікірі

Сабақтың тақырыбы  «Қанша тұрады?» болғандықтан, сабақтың мақсатын азық-түлік бағасын сұрай алу және  жауап беру, қазақ тілінде сандарды есте сақтап айту және жазу,азық-түлік тағамдарын және олардың бағаларын айту,қазақ тілінде есеп шығарып, функционалдық сауаттылығын дамыту деп  алдым. Сабақ толығымен БИС технологиясы бойынша «Ауызша сабақ» түрінде өтті. Сабақта оқушылар сабақ мақстына сай әртүрлі  аузыша және жазбаша тапсырмалар орындады. Белгілі бір уақыт аралығында  тисіті мөлшердегі сөздерді  жазды. Сабақта  оқушылар үнтаспа   тыңдап,  кәртішкелер, сандар, азық-түлік тағамдарының суреттері, бағалау тірек белгілерін  пайдаланды. Оқушылардың қазақ тілі сабағына қызығушылықтары байқалды деп ойлаймын. Ашық сабақта  мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, психолог, әлеуметтік ұстаз  қытысып отырды. Сабақ кезінде  вассерман технологиясының әдістері, диалогпен сөйлесу, көрнекілік, тірек белгілерді көрсетіп бағалау, рефлективті нысана  әдістерін  қолдандым. Меңімше, сабақтың мақсаты толығымен орындалды деп ойлаймын. Өйткені  оқып-білудің нәтижесінде  оқушылар сабақта   азық-түлік бағасын сұрай алды және жауап беруге үйренді, қазақ тілінде сандарды есте сақтап айтты және жазды, азық-түлік тағамдарын және олардың бағаларын айтты. Сабаққа қатысып отырған әкімшілік пен пән мұғалімдері  ашық сабақтың  жақсы  өткізілгені  туралы  айтты. 

 

 

 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено