27 ақпан күні Новоишим қазақ орта мектебінде « Әке – отбасының тірегі» атты ата-аналар конференциясы болып өтті. Конференцияның мақсаты мектеп пен отбасының өзара байланысын қарым-қатынасын нығайтып сенімділікті және сыйластықты қалыптастырып, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі ерекше екенің түсіндіріп айттылды. Конференцияға шақырылған қонақтар: аудан білім бөлімінен Карамандинова А. М, ОІО Жолдаспаева Г.М, ТІО Амиржанова Б. К, ТІО Жахина М. М. Ата-ана тарапынан 24 әке қатысты.
Конференция әкелерге арналған әнімен ашылды.Ортаға әкелерді шақырып «Мен үшін әке болу-бұл….»-деген тренинг өткізілді.Тренингке бүкіл әке қуана қатысып өз ойларын білдірді.
- «Әке- отбасының тірегі», « Әке-асқар тау», деп теңестіреді халық даналығы.Әр бала Әкесі мен баласының махаббатының жемісі болғысы келеді.Бақытты бала тек бақытты ата-анада ғана болады.Бала тәрбиесінде Әкенің рөлі ерекше.Психологтардың зерттеуі бойынша,егер әкелер балаларымен тығыз байланыста болып, тәрбиелеу міндетінің жүктемесін мойындарына алатын болса-анаға қарағанда тигізетін әсері басым болатынын айтады.Ер бала әкені тыңдағысы келеді, оған ұқсағысы келеді.Ерекше әсер, әрине-бірігіп ойын ойнау.Көптеген зерттеулер нәтижесі бойынша, мысалы: ана баламен ойын ойнаса, ол әкеге қарағанда, ойнай отырып, баланы күтуді жалғастырады (Мысалы:ойнаса да, ол бала құлап қалмаса екен,немесе бір жерін ауыртып алмаса екен, киімі ластап тастамаса екен т.с.с. )Ал әке керсінше ,күш қозғалыс ойындарын таңдайды.Осының салдарынан баланың дамуы белсенділігі арта түседі. Бұған дәлел ұлы Аристотель « Ана-өсіреді, Әке-үйретеді»деп бекер айтпаған дей отыра «Әке мен бала» бейнеролигі көрсетілді.Содан соң өз мектебіміздегі балалардан «Сенің өміріндегі әкенің ролі қандай?» деген сауал қойылып, балалардың жауаптарын бейнеролик арқылы тамашаладық. «Жасыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз.Әр шаңырақта әкенің орны ерекше.Әке-отбасының асыраушысы,отбасы мүшелерінің тірегі,қамқоршысы.Әкенің мінез –құлқы,өзгелермен қарым-қатынасы,өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын оған қарап өсетін нысанасы.Отбасының пейіл-береке,ынтымасы үшін отағасының әділ,ұстамды болуы орасан маңызға ие.Оның тәрбиелік рөлі зор.Ер бала әкесімен сырлас,жолдас,дос.Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады.Ер бала өсіп, жетіліп өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орны дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше.Отбасының ұйытқысы,берекесі, мейір-шапағат көзі-әке.Әкенің бұл рөлі бала-шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен ,қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді. «Әке, мен сенің 1 сағат уақытыңызды сатып алайыншы»деген бейнероликті көрсетіп,әкелерге балаларыңызға уақыт бөліп, олардың өміріндегі бағыттарын біле отырып,ақыл қосуды,және де, балаларыңыз мейірімге толы,адамгершілігі мол ұрпақ болып өсетінін айтып кетік.Бейнероликті тамашалау барысында көп әкелер көздеріне жас алып ойланып қалды.
Өкінішке орай бақытты отбасыларымен қатар зорлық-зомбылық көріп жүрген отбасылар да баршылық.Сондықтанда бір-бірімізге мейірмді, қамқор болайық дей отырып,әкелерге арналған шағын кеңес парақтарын таратып беріп, «Зорлық-зомбылықты алдын алу»бейнеролигін тамашаладық. «Әке-отбасының тірегі» атты конференциясын Дәрібаевтар отбасысының «Әке туралы монолог»атты бейнеролигімен аяқтадық.
Психолог: З.Қ.Мағжанова