2017 жылдың 4 маусым күні Новоишим қазақ орта мектебінің ұжымы қолдарына көк, сары түсті шарлар, жалаушалар және «Рәміздер- ел беделі» атты лозунг ұстап, ал мектеп оқушылары көк түсті кепка, көк футболка және джинсы киіп ҚР рәміздерінің 25 жылдығына арналған аудандық шеруге қатысты.
<p>Новоишим қазақ орта мектебінің 1 маусым Халықаралық балалар күніне және «Қарлығаш» атты мектепішілік жазғы демалыс лагерінің ашылуына арналған «Бақытты балалық шақ» тақырыбында мектеп алаңында өткізілген мерекелік іс-шараға даярлық сынып және 1-4-сынып оқушылары қатысты.</p>
2017 жылғы мамырдың 25-і күні Новоишим қазақ орта мектебінде «Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында барлық сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге сапқа тұрды. Салтанатты жиынға аудан білім бөлімінің басшысы Алтаев Серік Табылдыұлы және аудандық электр станциясының басшысы Есмағанбетов Нұртай Шаріпұлы қатысып, оқушыларды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, тілектерін жолдады.
1 июня 2017 года в Чернобаевской основной школе прошёл праздник День защиты детей.