Республикалық экологиялық білім беру апталығы аясында Новоишим қазақ орта мектеп жанындағы интернат тəрбиеленушілерімен А.Ж. Байгарина "Мен жəне мені қоршаған орта" атты тəрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: тəрбиеленушілердің табиғат жəне оның əсемдігі мен байлығы туралы білімдерін сарапқа салу; олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; халық даналығы, өнері арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілікті, табиғатты қорғауға, аялауға тəрбиелеу.
Чернобль АЭС-ғы ядролық апаттың 35- жылдығына орай «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен кітапханада тақырыптық көрме ұймдастырылды. Сонымен
қатар 5-11 сыныптарда «Чернобыль - апат, ерлік, ескерту» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Республикалық экологиялық білім беру апталығы аясында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де жоспарға сәйкес 1-4сыныптар «Экология және мен» тақырыбында сурет байқауына, ал 5-10 сыныптар плакаттар байқауына қатысты. Мақсаты: табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.
Бала тілін дамытудың өзекті бір саласы – сыныптан тыс оқу. Сыныптан тыс оқу арқылы бала өзін қоршаған ортада қандай- қандай болып өткендігін, не болуы мүмкін екендігін байқайды, сезінеді. Сыныптан тыс оқу балаларды өз бетінше кітап оқуға үйретіп, соған деген құштарлығын арттырып, оқу – жазуға үйретуді жетілдіре түседі.
Сондай – ақ сыныптан тыс оқу шәкірттердің өз беттерінше оқу дағдыларын қалыптастырады және арттырады.
Сәуір айында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашысы Мамбеталинова Б. А. оқырмандар арасында тақырыптық сайыстар оқуды қолдайтын үгіт-насихат жұмыстарының постерлер байқауын ұйымдастырды. Байқауға қатысқан сыныптар 3 «А», 3 «Б», 9 «Ә», 5 «Ә» .
Одной из актуальных областей развития языка ребенка является внеклассное чтение. Через внеклассное чтение ребенок замечает, чувствует, что происходит, что может произойти в окружающей его среде. Внеклассное чтение способствует самостоятельному чтению, повышению интереса к чтению и обучению письму.
Внеклассное чтение также формирует и повышает навыки самостоятельного чтения учащихся.
В апреле в КГУ "Новоишимская казахская средняя школа" библиотекарем Мамбеталиновой Б. А. среди читателей был организован конкурс плакатов агитационно-пропагандистской работы в поддержку чтения с тематическими конкурсами, в котором приняли участие 3 «А», 3 «Б», 9 «Б», 5 «Б» классы.
2021 жылының 24 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, Ұлы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу шеңберінде "Рухани жаңғыру " бағдарламасы аясында -"Біз әлемді тазалаймыз" және "Игі істер марафоны" жобасын іске асыру мақсатында Новоишим қазақ орта мектебінің еріктілері және мектеп қызметкерлері бірлесіп жалпы республикалық сенбілікке қатысты.
#Рухани жаңғыру.
#қайырымды істер марафоны
23 сәуір күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де мектеп Парламентіне Сайлау өтті. Сайлауға 7-11 сынып оқушылары, ұстаздар қатысып, өз дауыстарын берді. Әр фракцияға женімпаздар анықталды.
#Мектеп парламенті.
#Мектеп өзін-өзі басқару.
#РУМЦДОМОНРК
Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделу кезеңі дейміз. Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды. Олар қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән. Осыған орай "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ 4 сынып оқушыларымен "Алдымызда 5 сынып" деген тақырыппен мектеп психологі Сердалина Т.Б сабақ-тренинг өткізді. Сабақ барысында оқушыларға 5 сыныптың ерекшеліктері, болуы мүмкін қиындықтар және оларды тезірек жеңуге арналған кеңестер ұсынылды.
3 сынып оқушыларымен информатика пәні мұғалімі Закирьянов А.Б "Интернеттегі қауіпсіздік" және "Желідегі қарым-қатынас этикасы" тақырыпта түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Танымдық бейнеролик көрсетіп, оқушылардың желідегі қауіпсіздігін сақтауға арналған кеңестер ұсынды.
12 сәуір күні Новоишим қазақ орта мектебінің еріктілері интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында челлендж-акциясына қатысты. Жастар ресурстық орталығы полиция бөлімімен және прокуратура өкілімен бірлесіп Новоишим ауылының тұрғындарына интернет-алаяқтық туралы толық ақпарат берді.
Новоишим қазақ орта мектебінде "30 игі істер" марафоны аясында еріктілер тобы көктемгі су тасқыны кезіндегі іс-қимыл бойынша жадынамаларды таратуды жалғастыруда.
<28 наурыз - игі істер күні>. Бұл күні балалар ата-аналарына үй шаруасының жұмыстарын істеуге көмектесті.
<27 наурыз күні – Кино күні>
Кино - көп өнердің бір түрі, киноматографияның техникалық негізінде қалыптасқан көркем шығарманың түрі.
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағыты бойынша бұл күні оқушылар қазақстандық және ресей режиссерлардың танымдық фильмдерін қызығушылықпен тамашалады.