«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Чаглинка ауылында орналасқан жоғары агротехникалық колледждің оқытушылары 12 мамыр күні, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің оқутышылары 13 мамыр күні 9,10,11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: мектеп оқушыларына саналы түрде мамандық таңдауына көмектесу.
9 мамыр - Жеңіс күніне орай Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары "Менің есімде", "Менмақтан тұтамын" тақырыбында бейнероликтер жасады.
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында Ұлы Отан соғысының 76 жылдығы қарсаңында 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.<br />Кітап көрмесінде Ұлы Отан соғысы жылдардағы өлке тарихының сырын ашатын кітаптар, журналдар жинақталған. Жеңіс жолында ерлік көрсеткен Қазақстандық батырлардың есімдерін ұмытпай, тағзым етуге тәрбиелейтін кітаптар оқуға ұсынылды.<br />Көрменін мақсаты: Оқушыларды өз тарихын білуге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыруда тарихи кітаптарды оқуға қызықтыру.
7 мамыр- Отан қорғаушылар күніне 5-6 сынып оқушылары "Мен армияда қызмет етемін!" онлайн-суреттер көрмесіне қатысты.
9 мамыр - Жеңіс күніне орай Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары "Менің есімде! Мен мақтан тұтамын!" тақырыбында бейнероликтер жасады.
Новоишим қазақ орта мектебінің 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған спорттық - патриоттық челлендж " Елдің мықты тірегі - дені сау ұрпақ"
«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған «Ер жігіт – ел қорғаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.<br />Мақсаты: оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Новоишим қазақ орта мектебінің "Бірлік" этно-мәдени бірлестігінің 1 мамыр күнімен құттықтауы.
Оқушыларға еліміздің көп ұлттылығын, достығын, бірлігін, мәдениетін және байлығын насихаттай отыра, достық пен бауырмалдыққа, бейбітшілікке тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Отанын сүйетін, елін, жерін қорғай білетін патриот болуға тәрбиелеу мақсатында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 1-11 сыныптарда «Достық күші – бірлікте» тәрбие сағаттары өтті.
2021 жылдың 26 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Достықтың дархан ұясы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.<br /> Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Көрменің мақсаты оқырмандарға көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін өскелең ұрпақ жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Бірлік күні аясында интернат тәрбиешісі Г.Қ. Увалиеваның жетекшілігімен оқушылар арасында "1мамыр - Ынтымақ, Бірлік, Достық кепілі " атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушылар мерекеге байланысты суреттер салып, шаттық шеңберіне тұрып, бір - біріне көңіл күй көтеретін жақсы лебіздерін білдіре білді.