Ресурстық орталықтың 1 сессия кезіндегі тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 07.10-13.10.21 аралығында «Ауылдың гүлденуі- Қазақстанның гүлденуі» марафоны аясында «Менің ауылымның күзгі табиғаты» тақырыбында фотоколлаж өтті. Мақсаты: күзгі табиғат көрінісін көре білуге, күз айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын бейнелеуге үйрету. Іс-шара барысында А.Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебінің оқушылары мен Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары туған жерінің күзгі табиғат көрінісін бейнелей білді.
15 қазан күні АӘД пәні мұғалімі Р.Е. Еслямов оқушыларға патриоттық тәрбие беру , Отанға деген сүйіспеншілікке, оның өркендеуі мен күшіне деген құштарлықты, күшті азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында «Жас сарбаз - Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында ZOOM платформа арқылы 7-11сынып оқушыларына ауызша журнал өткізді.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру - мемлекеттің басым бағыттарының бірі.Мұндай жағдайда ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің шыңын одан да жоғары көтеруге, ХХІ ғасырда Қазақстанның өркендеуі мен халықаралық деңгейде танылуын қамтамасыз ететін жастарға үлкен үміт пен жауапкершілік жүктеледі.
14 қазан күні Новоишим қазақ орта мектебінің оқушылары облыстық «Адал ұрпақ» еріктілер клубының онлайн форматта өткен жиынға қатысты.
Жиыннан кейін 7 сынып оқушылары мектебіміздің «Адал ұрпақ» еріктілер клубына салтанаты түрде қабылданып, ант берді.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
2021 жылдың 04.10-15.10 күндері аралығында Новоишим қазақ орта мектебінің ресурстық орталығында 7-11 сыныптардың қатысуымен бастапқы сессия жоспарланып, өз жұмысын бастады. Сессияға «Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебінің» 7-11 сыныптың 33 оқушысы қатысты. Оқу-тәрбие үрдісі бойынша жоспарлар, ресурстық орталықтың жұмыс регламенті мен күн тәртібі бекітіліп, сабақ кестесі дайындалды. Сонымен қатар сабақ беретін пән мұғалімдері анықталынды. 7-11сыныптарда күзгі сессия кезеңінде жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша төмендегі пәндер оқытылды: химия, биология, математика,география, информатика және физика. Бастапқы сессияның алғашқы күндері оқушылардан кіру тесті алынды. Сонымен қоса мектеп психологі А.Жахина сессияның алғашқы күндерінен бастап оқушылардың сессия кезіндегі ой-пікірлерін білу, пәнге деген қызығушылықтарын, көңіл-күйін анықтау мақсатында түрлі тақырыпта сауалнамалар алып, нәтижелеріне талдау жасап отырды. Бұл қорытындылар оқушылардың көңіл-күйлерін, ресурстық орталықтың жұмысына, сабақ барысына деген көзқарастарын көрсетеді, болашақтағы жұмысты қалай өзгертуге болатынына бағыт береді. Күннің екінші жартысында таңдамалы пәндер бойынша жеке және топтық консультациялар ҰБТ-ға дайындық жүргізілді.Сонымен қоса оқушылардың шығармашылық, әскери-патриоттық қабілеттерін дамыту мақсатында сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды.
Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

07.10-13.10 аралығында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де мектеп Парламентінің " Өзін- өзі тану және бақыт" фракциясының мүшелері оқушылардың табиғаттағы өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру, күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру өткізді. Байқауға 1-4 сыныптар қатысып, өз қолдарымен жасалған шығармашылық жұмыстарды ұсынды.
Құрметті ұстаздар!
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Ендеше кәсіби мерекеңізде өз оқушыларыңыздан ең шынайы құттықтауларды қабыл алыңыздар!
с 25 октября по 10 ноября с целью воспитания у подрастающего поколения патриотических чувств и любви к Родине, ее прекрасной природе отделом "Рухани жаңғыру" КГУ "Центр общественного развития и информации" проведен конкурс фотосъемок о родной земле в рамках проекта "Ауылымның түтіні қымбат маған", в котором приняли участие учащиеся нашей школы. По итогам конкурса Овеян Ани заняла 2 место, а Дюсенова Дарига и Ткаченко Яна получили грамоты за участие.
Поздравляем !!!