Новоишим қазақ орта мектебі
3"А" сынып Ермат Дастан
16 қараша 2021 жылы әлеуметтік ұстаз Байбулатова А.Н. " Балалық шақты бірге қорғайық" тақырыбында 1-11 сынып ата- аналарына онлайн түрде слайдтық презентация
жіберді.Сонымен қатар ата-аналарға Bala Qorgau телеграм чатының қізметі туралы ақпарат берілді.
15 қараша 2021 жылы мектептің өзін- өзі басқару ұйымы 5-8 сыныптар арасында "Әр баланың құқығы бар" сурет көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.
#адамқұқығыбалақұқығы
12 қараша 2021 жылы "Бала құқығы- адам құқығы" Республикалық айлығының және "Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ" онкүндігінің аясында 1-4 сыныптар арасында " Менің отбасым- менің қорғаным", 5-11 сыныптарда " Бақытты ана- бақытты бала- бақытты отбасы- бақытты ел" сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың бойына отбасына деген сүйіспеншілікті ұялата отырып, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, тәрбиенің алтын қазығы өз туған ұясы екенін ұғындыру.
Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кесте бойынша 2021жылдың 6 қараша күні тәрбие ісінің орынбасары А.Ргебаева, психолог М.Берденова және әлеуметтік педагог А.Байбулатова "Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шара өткізілді.Түн ішінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымын, табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, қорғауға, тазалығын сақтауға,қамқорлық жасауға, жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында 6 қараша күні «Табиғатты аялап сақтайық!» үйдегі макулатураны жинау акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты: экология проблемаларына және табиғи ресурстарды қайта пайдалану қажеттілігіне оқушылардың назарын аудару.
#күзгідемалыс2021
2021 жылының 5 қараша күні Қазақстан Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында аға тәлімгер Еслям Э.Г-ның ұйымдастыруымен
5 -сынып оқушылар арасында " Тарихи беттер" тақырыбында эрудит интеллектуалды ойын өткізілді.
#күзгідемалыс2021
4 қараша 2021 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де оқушылардың күзгі демалыс уақытын тиімді және қызықты өткізу мақсатында " Спорттық ойындар калейдоскобы" атты іс-шара өткізілді. Іс - шара барысында оқушылар отбасылармен бірге үстел ойындарын ойнады: шахмат, шашки, тоғызқұмалақ, нарды және т.б.
#күзгідемалыс2021
3 қараша 2021 жылы әлеуметтік ұстаз Байбулатова А.Н. оқушылардың «Бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту мақсатында " Өмір- бақыт. Бәрі өз қолыңда" атты тренингін өткізді. Сонымен қатар аға тәлімгер Еслям Э.Г-ның жетекшілігімен оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту мақсатында " Менің құқығым бар" тақырыбында мектеп лидерлеріне арналған тренинг өтті.
#күзгідемалыс2021
«Күзгі демалыс-бақытты бала жүзін көру!» атты
балалардың күзгі демалыс кезіндегі бос уақыттарын қамту мақсатында 2021 жылының 2 қараша күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- нің оқушыларына "Ғажайып өнер әлемі" атты іс - шара ұсынылды. Оқушылар талғамына сай отбасылармен бірге көркем фильдерді тамашалады. Сонымен қатар "Күз түстері" тақырыбында суреттер мен өз жұмыстарын ұсынды.
#күзгідемалыс2021«Күзгі демалыс-бақытты бала жүзін көру!» атты
балалардың күзгі демалыс кезіндегі бос уақыттарын қамту мақсатында 2021 жылының 2 қараша күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- нің оқушыларына "Ғажайып өнер әлемі" атты іс - шара ұсынылды. Оқушылар талғамына сай отбасылармен бірге көркем фильдерді тамашалады. Сонымен қатар "Күз түстері" тақырыбында суреттер мен өз жұмыстарын ұсынды.
#күзгідемалыс2021
Мектеп оқушыларының күзгі демалысын тиімді өткізу мақсатында «Күзгі демалыс – бақытты бала жүзін көру!» атты арнайы ұсынымға сәйкес 1 қараша күні мектеп оқушылары «Тәуелсіз елдің ұрпағы» -патриоттық өлендер челленджіне қатысты. Мақсаты: еліміздің мақтанышы,елін сүйген, жерін сүйген ұрпағы, патриоты болуға тәрбиелеу.
#күзгідемалыс2021
Қазан айында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де кітапханашы Б. А. Мамбеталинованың басшылығымен 1а- сынып оқушыларымен «Кітапханаға қош келдіңіздер!» атты кітапханалық сабақ өткізілді.
Мақсаты: балаларды кітапханамен таныстыру, кітапхана мен библиографиялық сауаттылықтың негізгі ұғымдары туралы алғашқы түсінік беру - «кітапхана», «оқу залы», «жазылу», «кітап қоры», «оқырман формасы»,
кітапқа деген қызығушылықты ояту, оларға құрметпен қарауды тәрбиелеу.