Меню KDT

введите текст

введите текст

введите текст

введите текст

block2_eop.png?_=1495530161
<

введите текст

введите текст

көрме

2024 жылдың 18 сәуірінде «№ 2 Новоишим орта мектебі» КММ кітапханашылары А.А.Шериязданова, А.М.Базарбаева 1-11 сынып оқушыларына Кеңес одағының Батыры Әлия Молдағулованың туғанына 100 жыл және Отан соғысында қаһармандық көрсетіп мерт болғанына 80 жыл толуына орай ақпараттық көрмені ұсынды (20.04.1924-14.01.1944).

1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Жетіру тайпасы Табын руынан шыққан. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі.

1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.Әлия Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 

 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь