Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

BILIM land

block2_eop.png?_=1495530161
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

«Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

2017 жылғы  мамырдың 25-і күні Новоишим қазақ орта мектебінде «Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла,  соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті.  Салтанатты жиында барлық сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге  сапқа тұрды. Салтанатты жиынға   аудан білім бөлімінің басшысы Алтаев Серік Табылдыұлы және аудандық электр станциясының басшысы Есмағанбетов Нұртай Шаріпұлы қатысып, оқушыларды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап,  тілектерін жолдады.

 Жалпы мерекелік салтанаты 4 сыныптың орындауында «Француз» вальсімен басталды. Бұл іс-шарада мектеп үздіктері мадақтау қағаздарымен марапатталды. Соңымен қатар балғын балалық шаққа саяхат жасап, 1- сынып оқушыларының періште көңілінен шыққан тілектер - 11 сынып оқушыларына арналды.   

Түлектерді ізбасарлары 10-сынып оқушылары атынан Бекбулат Мадина құттықтап, лента тағу рәсімімен жалғастырды.

 

Жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, үлкен өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлектерге де сөз берілді.  11-ші  сынып ұлдары  Маргиев Әлім мен Тоғаев Асылбек «Енді бізге соғылмайды соңғы қоңырау» атты өленін жолдаса, сыныптың қыздары  «Мектебім» әнің орындады.  Ата-аналар атынан  құттықтау сөзін Тасмағанбетов Иманбай ата жолдады..

10-сынып оқушыларына аманат тапсырылды. «Білім кілтін» тапсыру құрметі 11-сынып оқушысы «Алтын белгі» үміткері  Серікбай Динара,  қабылдап алу құрметі 1- сынып оқушылары, оқу озаттары –  Сарайбек Әділет пен  Ахметова Назымға  берілді.

  «Соңғы қоңырау» соғу құқығы 11-сынып оқушысы  Амангельдиев Әлишер  және  1 сынып оқушысы Байқонырова Гүлназға  берілді.
1

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь