Әңгіме барысында бүгінгі таңда халықаралық терроризм және діни экстремизм асыл дініміз – исламға да залалын тигізуде және террористер – Құранның негізгі қағидаларын да білмейтін діни сауатсыз адамдар екендігі туралы айтып өтті. Шынында, зорлық-зомбылықтың барлық түрі Ислам нанымына қайшы келеді. Қазіргі кезде ең көп таралған лаңкестік – дінді бетперде еткен түрі. Олардың негізгі мақсаттары – әртүрлі діни сенімдерді пайдалана отырып, адамдардың пікіріне әсер ету, билікті ұстап қалу, ұлтаралық соғыстар, талас-тартыстар ұйымдастыру, дінді саяси құрал ретінде пайдалану. Сол үшін лаңкестіктің пайда болу тарихын, оның түрлері мен алуан көріністерін, сондай-ақ қаупінің алдын алуды да білген абзал.
Шынайы дін адамзатқа тура жол нұсқаушы ретінде азаматты адамгершілік тұрғыда тәрбиелейді, отансүйгіштікке баулиды, өшпенділік пен басқыншылықты былай қойғанда, адамдарды теріс іс-әрекеттен бойын аулақ ұстауға шақырады.
Техниканың дамыған бұл заманда, жастардың іріткі салу видеороликтері мен түрлі веб сайттардағы жарияланып жүрген теріс пиғылды ақпараттарының жиіленуі, дұрыс діни білімнің алмауынан деп санаймын. Әлеуметтік желілердегі адамзаттарды азғыратын теріс жолға түсіруші шақырған немесе еліміздің тыныштығын бұзғысы келетін теріс мазмұнда жазылған ақпараттарға тиым салуды құзырлы органдардың жеделдедіп қолға алғандары жөн болар еді деп ойлаймын.
Елімізде бірлік пен бейбітшілік, татулық пен ырыс – береке болсын! Сонда ғана Мәңгілік елді қалыптастырамыз, көркейтеміз, дамимыз!
Посмотреть новость на сайте учреждения