Меню KDT

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

введите текст

ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА

BILIM land

block2_eop.png?_=1495530161
<

 ВЫБОРЫ 

введите текст

Отбасы күні

Әр сыныпта «Отбасы – бақыт мекені», «Берік отбасы – адамның сенімді тірегі», «Отбасы – өмірдің мәні», «Әрбір отбасы мемлекеттің қорғауында» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Бастауыш сынып оқушыларының «Мен және менің отбасым» тақырыбында  3«А,Ә»-сынып оқушыларынан Болатова Зарина, Сырымова Диана, Серібай Меруерт, Тойболат Асанәлі, Бекбулат Сати, Бекиш Асанәлі, Мұратова Динара. 4«А,Ә»-сынып оқушылары Абулкайров Аслан, Жусупова Дана, Бауыржан Аяжан, Амангеді Таир, Сейтқажин Санжар, Дулатова Алуа, Шахма Ақерке,
Аудан білім бөліміне «Отбасымен бірге жазғы демалысым» атты фото конкурсына фоталары жіберілді. Әлеуметтік ұстаз 7-сынып оқушыларына отбасы құндылықтары туралы әлеуметтік видиеороликтер көрсетті. Мақсаты отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін айқындау, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу. 11-сынып оқушыларына «Ата-ананы құрметтеу әр адамның қасиетті борышы» тақырыбында сынып жетекшісі Ж.Рамазанованың жетекшілігмен дөңгелек үстел өтті. 5-6-сынып оқушыларының арасында «Әке, шеше және мен» атты спорттық жарыс өтті. Жарысқа әр сыныптан бірнеше отбасы қаттысты. Сайыста бірнеше спорттық «Арқан тартыс», «Доппен жарыс», «Қаппен жарыс», «Жылдамдыққа жүгіру» т.б. ойын түрлері ойналды. Сайысқа түскен отбасылары жеңіске жетуге тырысты. Жеңіс мәресіне Қалиқайдаровтар отбасылары жетті. Осы отбасы ауданымызда өтетін «Толағай» отбасылық сайысқа қазақ мектебінің намысын қорғауға жолдама алды.
Муратқан Аделя, Божатов Әділ, Байкенова Арина, Серикбай Заринаның  суреттері көрмге ұсынылды.
«Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында 8-11-сыныптар арасында «Флешмоб» би жарысы өтті. Сыныптар жарысқа жақсы дайындалған. Әділқазылар алқасы бірнеше критерилерге сүйене отырып, сыныптардың билерін бағалады. Міндетті түрде сынып оқушылары түгел болуы, киімдері, әртістік қабілеттері, би ырғақтары – осы бағалау критерилері бойынша қарап өз бағаларын берді.  10 «А»-сынып – І орын, 9 «Ә»-сынып – ІІ орын, 11-сынып – ІІІ орынмен марапатталды, ал қалған сыныптар белсене қатысқандары үшін алғыс айтылды.
 
Сенбі күні сағат 11.00-де 1-сынып оқушыларының ата-аналарына «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында республикалық ата-аналар коференциясы өтті. Өкінішке орай ата-аналар 50%-ғана қатысты. Конференция басында мектеп директоры сөз сөйлеп 1-сынып оқушыларының ата-аналарын алғашқы қадамдарымен құттықтап, жаңа бағдарламамен оқуды алғаш бастағалы тұрғандары туралы айтып, шыдамдылық және сәттілік тіледі. Мектеп психологі З.Магжанова слайдтар, қанатты сөздер және көптеген ақпараттар, сонымен қатар өмірден алынған бірнеше оқиғалар мен видеороликтер көрсетті. Конференциядан кейінде ата-аналар жеке сұрақтарымен мектеп психологіне жолығып жатты.

Отбасы күнінен суреттер сілтемесі


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь