«Рухани-адамгершілік тәрбие» онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Даулет Г.С. 6-сыныпта «Толағай тауының тарихын айтшы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында мультимедиялық құралдар қолданылып, «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтары енгізілді.

Оқушылар белсенді қатысып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.

Сабақтың мақсаты толық орындалды, сабақ мазмұнды және қызықты өтті

«Пески орта мектебі» КММ-де «Көңіл күйді өз қолыңмен жаса» атты шығармашылық іс-шара өтті.

Оқушылар жарқын ашықхаттар, суреттер мен жағымды тілектер жазылған плакаттар жасап, жылы сөздер мен тілектерін жазып, күлкі мен жақсы көңіл күй сыйлады.

Әрбір жұмыс баланың ішкі әлемін, мейірімге, қуаныш пен өзара түсіністікке деген ұмтылысын бейнеледі.

Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығына және қарттарды қолдау айының жұмыс жоспарына сәйкес мектебімізде ерекше мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды!Интерактивті үстел ойындары мен шахмат турнирі оқушылар, мектеп педагогтері және ардақты зейнеткер ұстаздардың қатысуымен өтті.
"Кедергісіз болашақ" жобасы аясында ұйымдастырылған "Тең мүмкіндіктер" спорт фестивалінің аудандық іріктеу кезеңі 3–4, 5–6 және 7–8 сынып оқушылары арасында өткізілді.
Қазан айының тоғызыншы жұлдызында қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау айлығының жұмыс жоспарына сәйкес "Балалар кітапханасы" жобасы аясында зейнет жасындағы мектеп ұстаздары мен қызметкерлері және оқушыларның қатысуымен "Бірге оқимыз" акциясы ұйымдастырылды.
Қазақстан мәдениетіне өлшеусіз, өшпес үлес қосқан композитор, ән өнерінің майталманы Әбілахат Еспаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, мектебімізде мәдени-танымдық, тәрбиелік іс-шара өтті.

«Пески орта мектебі» КММ-де «Психологиялық денсаулық дегеніміз не?» тақырыбында сынып сағаты өтті.

Іс-шараның мақсаты — оқушылардың психологиялық денсаулық туралы түсінігін қалыптастыру, өз ішкі күйі мен эмоционалдық әл-ауқатына қамқорлық жасауды үйрету.

Сабақ барысында оқушылар психологиялық тұрғыдан сау адам болу нені білдіретіні, жан тыныштығы мен көңіл күйдің тұрақтылығын сақтауға қандай қасиеттер көмектесетіні туралы әңгімелесті. Балалар интерактивті тапсырмаларды орындап, өзін-өзі тану және топпен жұмыс жасауға арналған жаттығуларға қатысты, өз эмоцияларын білдіру мен өзгелердің сезімін түсінуді үйренді.