2025 жылдың 30 қазанында «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.

Күзгі демалыс кезінде 6-сынып оқушылары туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне қызығушылықтарын арттыру, мәдени мұраға құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында Новоишим ауылындағы мұражайға барды.

Оқушылар туған жердің тарихымен және мәдени мұрасымен танысып, экспонаттарды қызығушылықпен қарап, экскурсоводтың әңгімесін тыңдап, көп жаңа мағлұмат алды.

Бұл экскурсия оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, тарих пен дәстүрге деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етті.

#Адал_Азамат Осенние_каникулы
Күзгі демалыс аясында, балалардың денсаулығын нығайту, командалық рухты дамыту және салауатты өмір салтына баулу мақсатында 26 қазанда 2-сынып оқушылары арасында «Көңілді старттар» атты спорттық-сауықтыру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:

– Оқушылардың дене қимыл қабілеттерін дамыту;

– Достық, өзара көмек және қарсыластарға құрмет сезімін тәрбиелеу;

– Спортқа деген оң көзқарасты қалыптастыру.

Оқушылар бірнеше командаға бөлінді. Олар үшін көңілді эстафеталар, қимыл-қозғалыс ойындары мен түрлі сайыстар ұйымдастырылды.

Балалар жарыстарға белсенді қатысып, бір-бірін қолдап, ептілік, белсенділік және көңілділік танытты.

Барлық қатысушылар сергектік пен көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Ал жеңімпаз — «Достық»!

Жауапты: Байсалбаева А.Т.

2025 жылдың 24 қазанында «Пески орта мектебі» КММ-нің аға тәлімгер мен мектеп парламенті мүшелерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға оқушылар, мұғалімдер және мектеп қызметкерлері қатысты. Жиын барысында мерекенің маңызы, тарихы мен дәстүрлері туралы айтылды.

Іс-шараның мақсаты — оқушылардың бойында патриоттық сезімді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметті тәрбиелеу, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, мектеп ұжымының бірлігін нығайту және азаматтық жауапкершілікті дамыту.

Мектеп жоспары аясында 6–10 сынып оқушылары арасында «Күзгі бал» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — оқушылардың шығармашылық белсенділігін, эстетикалық талғамын дамыту және ұжымшылдық рухын тәрбиелеу болды.

Бағдарламаға би, музыкалық және сайыстық нөмірлер, сондай-ақ күз тақырыбына арналған импровизациялар енгізілді.

Оқушылар өз бастамашылдығын, актерлік шеберлігін және әзіл-қалжың сезімін көрсетті.

Іс-шара қорытындысы бойынша «Күз ханзадасы» мен «Күз ханшайымы» анықталды.