Меню KDT

Новости

Главная Новости

30.09.2026

Аудандық ішкі істер бөліміне (РОВД) танымдық экскурсия

2026 жылдың 28 қыркүйек күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де 8 «Б» сынып оқушыларына аудандық ішкі істер бөліміне (РОВД) танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

30.09.2026

ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ-ҰЛАҒАТТЫ ЖОЛ

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ұлы Абай сөзі бар ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған ұстаз еңбегінің мәнін айқын аңғартады. Ұстаз-білім беруші ғана емес, жас ұрпақтың бойына ізгілік пен адамгершілік дәнін сеуіп, өмірлік бағыт-бағдар беретін тұлға. Осындай мәртебелі мамандықты абыроймен атқарып келе жатқан тәжірибелі педагогтердің бірі-Калиева Жанар Кенжебайқызы.

30.09.2026

Жас қаламгер

2026 жылдың 29 қыркүйек күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де «Жаңашыл» шығармашылық тобының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Тіл мен әдебиет-ұлт руханиятының айнасы» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігінің жоспарына сәйкес «Жас қаламгер» эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.

29.09.2026

Ұстаз-ұрпақ мақтанышы

Ұстаздық-ұлы құрмет, болашаққа бастар алтын көпір. Ұстаз-жас ұрпақтың бойына білім нәрін сіңіріп қана қоймай, оның азамат болып қалыптасуына бағыт-бағдар беретін, адамгершілік пен ізгіліктің дәнін себетін ардақты тұлға. Сондықтан халқымыз ұстаз еңбегін қашанда жоғары бағалап, оның мәртебесін ерекше қастерлеген. Осындай қасиетті мамандықты өмірлік жолына айналдырып, шәкірт тәрбиесіне бар ғұмырын арнап келе жатқан ұлағатты ұстаздың бірі-№2 Новоишим орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алимбаева Бибігүл Төлегенқызы. Бибігүл Төлегенқызы 1974 жылы 8 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Бірлік ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. 1991 жылы Теңдік орта мектебін тәмамдап, ұстаздық мамандықты таңдады. 1993-1996 жылдары Көкшетау қаласындағы Жанайдар Мусин атындағы педагогикалық колледжде білім алып, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын меңгерді.Еңбек жолын 1996 жылы туған ауылындағы Бірлік бастауыш мектебінде мектеп меңгерушісі әрі бастауыш сынып мұғалімі қызметінен бастады. 1997-1999 жылдары Кәнтемір орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етті. Білімін жетілдіруді де тоқтатпай, 2005-2008 жылдары Көкшетау университетінде білім алып, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бакалавр дипломын иеленді.

29.09.2026

«Шерхан Мұртаза – 95 жыл»

«Шерхан Мұртаза – 95 жыл»

«Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 95 жылдығына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

29.09.2026

Creative IT Center ZIYATKER MYRA экскурсиясы.

2026 жылдың 29 қыркүйегінде «Адал азамат» бағдарламасы аясында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ 7 «Б» сынып оқушылары үшін заманауи Creative IT Center ZIYATKER MYRA орталығына әсерлі экскурсия ұйымдастырылды.

29.09.2026

Жоспарлы оқу эвакуациясы

2026 жылғы 29 қыркүйекте "№2 Новоишим орта мектебі" КММ төтенше жағдайларда іс-қимылдарды пысықтауға бағытталған жоспарлы оқу эвакуациясы жүргізілді.

28.09.2026

2026 жылдың 28 қыркүйегінде "Ковыльный орта мектебі" КММ-де Қарттар күніне арналған келесі тақырыпта сынып сағаттары өткізілді: "Аға буынның кәсіби тәжірибесі қоғам үшін құндылық ретінде". Сынып сағаттары барысында оқушылар аға буынның қоғам өміріндегі маңыздылығы, егде жастағы адамдарға деген құрмет, ұрпақтар сабақтастығы және өмірлік және кәсіби тәжірибені берудің маңыздылығы туралы айтты. Жастар жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкендердің білімі, еңбек дағдылары мен өмірлік даналығы қандай рөл атқаратынын талқылады. Құрмет, жауапкершілік, еңбексүйгіштік, сабақтастық және алғыс сияқты құндылықтарға ерекше назар аударылды. Оқушылар аға буын тәжірибесі - әрбір отбасы мен жалпы қоғам тарихының маңызды бөлігі, ал егде жастағы адамдарға құрметпен қарау - мәдениет пен адамгершіліктің көрінісі деген қорытындыға келді. 💐 Үлкендердің даналығы - жас ұрпаққа болашақты сенімді құруға көмектесетін тәжірибе! #Қарттар_күні #АдалАзамат