Бастауыш сыныптардың онкүндігіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2-сыныпта "Бекіту" тақырыбында математикадан ашық сабақ және "Ойлан, сана, тап" атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
18 сәуірде география пәнінің мұғалімі Т. М. Лукьянова география және тарих пәні мұғалімдеріне арналған"Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы география сабағында оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту" тақырыбындағы аудандық семинарда өз тәжірибесімен бөлісті.
«Сарыадыр бастауыш мектебі» КММ
2021-2022 оқу жылы

18 сәуір күні "Сарыадыр бастауыш мектебі» КММ-де бастауыш сынып оқушылары арасында «Соғыссыз әлем» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру.
12 сәуір күні Қазақстанда ғылыми орта өкілдері өзінің кәсіби мерекесі - ғылым қызметкерлер күнін атап өтеді. Осы күнге орай "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де 5-7 сыныптар арасында " Ғарыш әлемінде" макеттер байқауы өтсе, 8-11 сыныптар арасында "Болашақ технологиялар" тақырыбында жобалар байқауы өтті.
1961 жылы 12 сәуірде адамның ғарышқа алғашқы ұшуы болды. Бұл оқиға бүкіл адамзат тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі болды.
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де 1-4 сынып оқушылары арасында "Ғарыш Әлеміне саяхат " атты қолөнер байқауы өткізілді
12 сәуір ғарышкерлер күні аясында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашысы Б.А. Мамбеталинова «Ғарыш әлеміне саяхат» атты кітап көрмесін ұйымдастырса, "Ақпарат және баспасөз" фракциясының мушелері тақырыпқа сай ақпараттық стенд безендірді.
Тақырыпқа сай ұйымдастырылған көрме ақпаратымыз адамзаттың ғарышты игеру тарихын жан-жақты таныта білуге арналған