19 сәуірде мектептің кәсіби бағдар беру жұмысы аясында әртүрлі мамандықтағы қызықты адамдармен кездесу өтті. Балалар Бірлік ауылдық округінің әкіміне, кітапханаға және фельшер-акушерлік пунктке барды.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру және "Патриот" әскери-патриоттық акциясын өткізу шеңберінде аға тәлімгер К.В. Шельгорн басшылығымен "Бірлік" волонтерлік жасағының мүшелері жалғыз тұратын зейнеткерлерге аумақты тазалауға көмектесті.