Меню KDT

Новости

Главная Новости

28.04.2022

«Абайланыз, алаяқтар!»

Еріктілер клубының мүшелері «Абайланыз, алаяқтар!» акциясы аясында   алаяқтардың құрбанына  айналмау және  жақындарын қалай  қорғау керектігі туралы ақпараттық- насихаттық  парақшалар таратты.  

28.04.2022

Көктемгі мейірімділік апталығы

18.04-22.04.2022 ж. аралығында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де  көктемгі мейірімділік апталығы өтті.                                                                                      

28.04.2022

"Қазіргі замандағы заманауи технологиялар"

Новоишим қазақ орта мектебінің  өзін- өзі басқару  ұйымы  "Қазіргі замандағы   заманауи  технологиялар"  челленджіне  қатысты.                                                                                                                        

28.04.2022

Ресурс орталық оқушыларымен атқарылған жұмыста

18 сәуір күні ресурс орталығына келген Шұқыркөл орта мектебінің оқушыларымен мектеп психолігі Берденова М.А жоспарға сай жұмыс жүргізді. Ұжымның ішінде жағымды психологиялық ахуал орнату мақсатында, ең алдымен ,оқушылармен «Танысу» психологиялық тренингі өткізілді.. Баланы қуана білуге, өз айналасындағы жағымды істерді қабылдай білуге үйретілді. Оқушыларды жалпы мектеппен, кітапхана және ашық мұражаймен таныстырылып, саяхат ұйымдастырылды. Сонымен қоса 7 -сынып оқушылары химия және биология пәндері бойынша «Эрудиттер» сайысына қатысып, өздерінің білімдерін көрсете білді. <br />19 сәуір күні 8-сынып оқушылары « Физика-еліне саяхат» атты физикадан кешке қатысып өз білімдерін шыңдай түсті. Оқушылардың бос уақыттарында сыныптан тыс іс – шаралар ұйымдастырылды. Ресурстық орталық оқушыларымен волейбол, теннис және тоғызқұмалақ ойындарынан жарыс өткізілді. Жеңімпаздар марапатталды.<br />20 сәуір күні 9 сынып оқушылары математикадан « Ойлан, ізден тап» 9-10 сынып оқушыларына арналған викториналақ кешке қатысты. Мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қоса ресурстық орталық оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарланып, Новоишим елді мекенінің агротехникалық колледжі мен «16 Өрт сөндіру» бөлімене және қосымша білім беру мекемесі «Өнер мектебіне» саяхат ұйымдастырылды. Агротехникалық колледж ұстаздары оқушыларды қандай мамандықтар бар екенін және материалдық-техникалық базамен таныстырды. Өрт сөндіру бөлімінде оқушыларға дабыл қоңырауы келген кезде рациямен қалай жұмыс істеу керектігін және компьютермен байланысын көрсетті, газ тұмылдырығын киюді көрсетті, өз жұмыстарының қыр –сырымен және қандай қалада оқуға болатынын түсіндірді. Өнер мектебінде қандай үйірмелер бар, оқу бөлмелерін, материалдық техникалық базамен оқушыларды таныстырып, қызығушылықтарын арттырды. Сессия барысында 9-сынып оқушылары қорытынды аттестацияға дайындық консультацияларына күнделікті қатысып отырды.<div>21 сәуір 3 сессия барысында «Квест» ойыны ұйымдастырылды. Ойынына қатысу үшін оқушылар сынып бойынша 3 топқа бөлінді. Әр команда бағыт парақшасы арқылы баратын станцияны тауып, берілген тапсырманы орындау керек болды.</div>

28.04.2022

«Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебінің»

Новоишим қазақ орта тірек мектебі (РО) екінші сессиясы 18.04-22.04.2022ж. аралығында 1 магниттік мектебімен өтілді. Атап айтсақ, сессияға «Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебінің» 7-9 сыныптың 21 оқушысы қатысты. Сессия оффлайн форматта өтті.