"Балалар жылына", Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығын және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар шеңберінде, сондай –ақ кәсіптік бағдар беру жұмысы мақсатында 2022 жылғы 6 мамырда Новоишимское ауылында оқушылар үшін экскурсия өткізілді. Балалар МҮ,АІІБ,сондай-ақ өрт сөндіру бөліміне барды.
4-6 мамыр аралығында Петропавл қаласында 2007 жылғы және одан кіші жастағы жасөспірімдер арасында футболдан облыс чемпионаты өтті. Жаттықтырушы А. Зардыханұлының басшылығымен команда құрамына біздің мектептің балалары кірді. Ойын қорытындысы бойынша команда 2-орын алды. Құттықтаймыз және алдағы жеңістер тілейміз!
"Жақсылық апталығы" акциясы аясында "Бірлік" еріктілер жасағының мүшелері ауылдың жалғыз басты зейнеткерлеріне көмек көрсетті.