29 сәуір "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай " Бір шаңырақ астында" атты достық фестивалі өтті. Аталмыш іс-шарада 1-11 сынып оқушылары 21 ұлт өкілдерін ұсынды.
"Балалар жылы" аясында 2022 жылдың 28 сәуір күні Новоишим қазақ орта мектебінің 1-2 сынып оқушылары жоспарға сәйкес "Бізге бейбітшілік керек!" тақырыбында асфальтта суреттер салды.
2022 жылғы сәурдің 4 күні РҚБ әдіскері А.А. Каппасовамен, КІБ инспекторы Ж. О. Жанаевамен кездесу өтті,олар 8, 9, 11-сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтардың, қылмыстардың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы профилактикасы бойынша дәрістер өткізді.
Қазақстан халқының Бірлігі күнін мерекелеу аясында 5-11 сынып оқушылары арасында "Бір шаңырақ астында"салт-дәстүрлер байқауы өткізілді. Балалар сынып жетекшілерімен бірлесіп Қазақстан аумағында тұратын түрлі ұлттардың шығармашылық нөмірлері мен ұлттық тағамдарын дайындады.