Меню KDT

Новости

Главная Новости

11.05.2022

«Ер жігіт – ел қорғаны»

Кітапханашысы Б. А. Мамбеталинова 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ер жігіт – ел қорғаны» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мақсаты: оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

11.05.2022

«Ауғанстан – жазылмаған жара»

«Патриот» әскери-патриоттық акциясы аясында кітапханашы
Мамбеталинова Б.А. өскелең ұрпаққа Ауған соғысы туралы шындықты жеткізу, жерлестеріміздің интернационалдық борышын өтеудегі ерлік істерін дәріптеу мақсатында «Ауғанстан – жазылмаған жара» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

11.05.2022

«Ғажайып Майя және оның достары»

Мектеп психологі  Берденова М.А Эмоцияларды басқару –«Ғажайып Майя және оның  достары» комиксі бойынша оқушыларды әлеуметтік-эмоцияналды оқыту бағдарламасының 3циклын 5ә сынып оқушыларымын өткізді.

11.05.2022

«Құрсақ шашудың»

«Құрсақ шашу» кішігірім той-думан ретінде аталып өтеді. Мақсаты: қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне баса назар аудару. «Құрсақ шашудың» тамыры тереңде жатыр. Қазақ халқының танымал эпостарының бірі «Алпамыс батырда» осы дәстүрдің сол кездегі қоғамда пайда болғандығы туралы айтылған.
Ағымдағы жылдың 1 мамыр – Қазақстан халықтарының Бірлігі күні «Бірлік» этно-мәдени бірлестігі аудандық мерекелік іс-шарада «Құрсақ шашу» салт-дәстүрін көрсетті.

11.05.2022

«Отты жылдар елесін, кітаптан оқып білесің....»

Кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен Ұлы Отан соғысының 77 жылдығы қарсаңында « Отты жылдар елесін, кітаптан оқып білесің....» атты көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінде Ұлы Отан соғысы жылдардағы өлке тарихының сырын ашатын кітаптар, журналдар жинақталған. Жеңіс жолында ерлік көрсеткен Қазақстандық батырлардың есімдерін ұмытпай, тағзым етуге тәрбиелейтін кітаптар оқуға ұсынылды.
Мақсаты: оқушыларды өз тарихын білуге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыруда тарихи кітаптарды оқуға қызықтыру.

11.05.2022

«Оқуға құштар мектеп»

Сәуір айында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 минуттық оқу жалғасуда.
Мақсаты: оқушыларға кітап пен оқуға деген сүйіспеншілікті ояту.

11.05.2022

Аспанға планер

Мамырдың 11-күні 9-сынып оқушысы Жандос Мырзағалиев "Аспанға планер"атты техникалық модельдеу бойынша облыстық байқауға қатысып, 1-орынға ие болды. Жандосты жеңісімен, сондай-ақ жетекшісі Николай Владимирович Ганюкті құттықтаймыз! Жарайсыңдар!!!

09.05.2022

Мерекелік концерт

8 мамыр күні ауылдың орталық алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.

07.05.2022

Новоишимское ауылында экскурсия

"Балалар жылына", Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығын және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар шеңберінде, сондай –ақ кәсіптік бағдар беру жұмысы мақсатында 2022 жылғы 6 мамырда Новоишимское ауылында оқушылар үшін экскурсия өткізілді. Балалар МҮ,АІІБ,сондай-ақ өрт сөндіру бөліміне барды.

07.05.2022

Облыс чемпионаты

4-6 мамыр аралығында Петропавл қаласында 2007 жылғы және одан кіші жастағы жасөспірімдер арасында футболдан облыс чемпионаты өтті. Жаттықтырушы А. Зардыханұлының басшылығымен команда құрамына біздің мектептің балалары кірді. Ойын қорытындысы бойынша команда 2-орын алды. Құттықтаймыз және алдағы жеңістер тілейміз!