Мектеп психологі Д.М. Абенова "Балалардың емтиханға психологиялық дайындығындағы ата-аналардың рөлі" атты ата-аналар жиналысын өткізді, мектеп түлектерімен "Емтиханға дайындық" сабағы өткізілді, түлектер мен ата-аналарға ұсыныстар мен жадынамалар таратылды.
Мемлекеттік рәміздер 30 жылдығы мерекесі аясында 21 мамырда Чистопол орта мектебінде "Мемлекеттік рәміздер - тұрақтылық және өркендеу нышандары"атты біріңғай сынып сағаты өтті.
Қазақ тілі мұғалімі А.У. Имановамен 7-сынып оқушыларына А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы презентация ұйымдастырылды.
21 мамырда "Бәрі өз қолымызда"челленджі аясында педагог-психолог 11 сынып оқушыларымен күйзеліске қарсылықты жоғарлату бойынша ақпараттық буклет таратып, тренинг өткізді. Челлендж мақсаты - оқушылардың емтихан тапсыру кезінде өзіне, өз күшіне деген сенімдерін арттыру, емтиханға бейімдеу психологиялық дайындығын пысықтау.
19 мамырда жергілікті ФАП медициналық қызметкерінің шақырылуымен жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізіліп, онда 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакцинациялау мәселесі қаралды. Жиналыс дәстүрлі емес форматта,топтарға бөлу арқылы өткізілді. Жазғы мектепті, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Б.К. Уенжанова ата-аналарға жаңа оқу жылының басында мектеп формасының қажеттілігі туралы еске салды. Одан әрі ата-аналар алдында мектеп парламентінің президенті Тигран Овенян сөз сөйлеп, біздің мектеп оқушылары қатысқан іс-шаралар мен конкурстар туралы айтты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 6-сынып оқушылары " Мен мемлекеттік рәміздермен мақтанамын!"атты челленджге қатысты.
"Мың бала" республикалық олимпиадасының 2 кезеңінің қорытындысы бойынша мектебіміздің 5 сынып оқушылары Елизавета Муравьева және Ксения Диль жеңімпаз атанды.Құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!#"Мың бала"#