1992 жылдың 4 маусымында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға қол қойды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздеріміз - ту, елтаңба және әнұранымыздың алғаш рет бекітілген күні болып қалды. <br />Ал 2007 жылдың 4 маусымынан бастап, қазақстандықтар бұл күнді мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекелей бастады. <br />ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу қарсаңында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен «Елдіктің ерен белгісі – рәміздер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.<br />Көрменің мақсаты – оқушыларға қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық жетістіктерін кеңінен дәріптеу және дамыту, Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген құрмет сезімін қалыптастыру.
"Ұранды елдің -ұрпағы қайсар" атауымен өнер,әскер, спорт апталығы аясында 17 мамыр күні Новоишим қазақ орта мектебінің 9 сынып оқушыларымен үзіліс кезінде алғашқы әскери дайындық жұмыстары ұйымдастырылды. Оқушылар автоматты жинап,бөлшектеуге және ОЗК-ні киюді үйренді.
16 мамыр күні "Спорт пен өнер-егіз ұғым" атты өнер,әскер, спорт апталығы аясында Новоишим қазақ орта мектебінің 5-6 сынып оқушылары арасында үзіліс кезінде ұлттық ойындар дан жарыс, түстен кейін волейболдан жарыс ұйымдастырылып өткізілді.
2022 жылғы 27 мамырда Ефимовская ЖОББМ Қамқоршылық кеңесінің №4 отырысы өтті.
25 мамырда Соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді, онда "ES Global agro" ЖШС атынан оқу үздіктеріне,олимпиадалар мен конкурстардың белсенді қатысушыларына,сондай-ақ спортта жетістікке жеткен балаларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді. Түлектер мұғалімдер мен ата-аналарға алғыс сөздерімен сөз сөйледі, ал бірінші сынып оқушылары балаларға емтихандар мен ҰБТ тапсыруда сәттілік тіледі.
25 мамырда Чистопол орта мектебінде балалар жылы аясында соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиынға Чистопол ауылдық округінің әкімі, педагогикалық еңбек ардагерлері, оқушылардың ата-аналары қатысты. Оқу озаттары мен белсенділері мақтау қағаздарымен және грамоталармен марапатталды