Күзгі демалыста “Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде күн сайын оқушылар сынып жетекшілерімен ұжымдық шығармашылық істі өткізуге дайындалды. Ал міне - 2022 жылдың 3 қарашасында дәстүрлі “Күзгі бал” өтті. Әр сынып көркем нөмерлер көрсетті. Мереке жанға әсерлі, көңілді болды, барлығы белсенділік және әртістік қабілеттерін білдірді.

"Бірлік орта мектебі" КММ-де 4 қарашада ата-аналар қауымы алдында қоғамдық тыңдаулар өтті.

Қоғамдық тыңдауларда осындай мәселелер талқыланды:

1. 1 тоқсанның қорытындысы (директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары-Б. К. Уенжанова)

2. Мектеп жұмысының қорытындысы бойынша директордың I тоқсандағы есебі (мектеп директоры-С. Б. Ахметова)

3. Интернет желісіндегі балалардың қауіпсіздігі (әлеуметтік педагог-Т. М. Лукьянова)

4. Әртүрлі

Тыңдаулардың мақсаты – өскелең ұрпақтың азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудағы ата-аналардың рөлін белсендіру.

Тыңдаулардың негізгі мақсаттары ата-аналар қоғамдастығының оқу-тәрбие процесіндегі рөлін арттыру, бала тұлғасын тәрбиелеуде отбасы мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік күштерін біріктіру болып табылады.

Қоғамдық тыңдаулардың қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

4 қарашада мектеп әкімшілігі мен педагогтар "Мектептерге арналған Pisa" аудандық семинарына қатысты
4 қараша 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де жоспарға сай оқушылардың күзгі демалысын ұйымдастыру мақсатында 0-4 сыныптар арасында "Отбасылық шеберхана" атты онлайн қолөнер көрмесі өткізілді. Мақсаты: отбасылық қарым-қатынасты нығайту,
шығармашылыққа, әдемілікке баулу.
Қарашаның бесінші жұлдызында Новоишим қазақ орта мектебінде тірек мектебі аясында «Сауаттылықты қалыптастыру-табысты тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудің міндетті шарты» семинар- практикум өткізілді. Семинарға магниттік мектеп мұғалімдері -Шұқыркол орта мектебі, Жаманшұбар және Жанасу бастауыш мектептері- шақырылды. Семинар екі бөлімді құрады.