12 қыркүйегінде «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Қазақстан халқы тілдер күні және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 6 - сынып оқушылар арасында «Отбасында татулық болады, кітапқа қуанышты болсан» тақырыбында әдеби сағат ұйымдастырылды.
Мақсаты:
1.Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.
2.Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
Отбасы - әр адамның өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы - біз сүйетін, біз олармен үлгі алатын, біз қамқор болатын, жақсылық пен бақыт тілейтін жақын және қымбат адамдар. Отбасында біз сүйіспеншілікті, жауапкершілікті, қамқорлық пен сыйластықты үйренеміз.
Осыған байланысты 2022 жылдың 8 қыркүйегінде «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен
"Барлығы отбасынан басталады" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: өскелең ұрпақты өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, бауырмалдық, мейрімділік сезімін ояту, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор жасау, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
07.09-09.09 аралығында 1-8 сыныптарда «Берік отбасы- мемлекеттің әл-ауқатының негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
Мақсаты: оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін толықтыру және отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
2022-ші жылы қыркүйектің 7-9 аралығында 9-11 сыныптарда «Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді» тақырыбында адалдық сағаттары өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін - бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
Қазақстандағы Отбасы күнінің тойлауына арналған "Кітапқа қуанса, отбасы тату болар" челленджі өтті.
https://www.facebook.com/100022819260575/videos/1421459251668128

5 қыркүйек күні Тоқсан би орта мектебінде Қазақстан халқы тілдерінің салтанатты ашылуы өтті.
#Читающая_школа

14 қыркүйек күні "Сарыадыр бастауыш мектебі" КММ-де Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай "Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт" жобасын жүзеге асыру аясында бастауыш сынып оқушылары арасында "Қазақ тілі – менің ана тілім" атты кітапханаға саяхат өткізілді.

Мектеп психологы М. А. Берденова қыркүйек айында жоспарға сай интернатқа жаңадан келген оқушыларымен ортаға тез бейімделуге тренинг өткізді. Мақсаты: оқушылармен танысу, жаңадан келген оқушылардың бейімделуіне ықпал жасау