2022 жылдың 09 желтоқсан күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай "Сұлу сөздің зергері" облыстық байқау өтті. Сонымен қатар жазушы ағамыздың атындағы кабинет ашылды. Кабинеттің ашылу салтанатына аудан әкімі С.М. Мухамедиев және ауданымыздың құрметті азаматтары шақырылды. Байқауға облысымыздың 10 ауданынан 45 оқушы қатысты. Нәтижесінде жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Атап айтсақ, біздің мектеп оқушылары қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Жолдасбаева Г.М, Рамазанова Б.Н, Амангельдиева А.М жетекшілігімен " Театр- хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер" театрланған қойылымда 2 жүлделі орынға ие болды. Іс- шара барысында шағын концерттік бағдарлама және мектеп бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
2022 жылдың 12 желтоқсан күні кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кесте бойынша педагог психолог М.А.Берденова, 10 сынып жетекшісі К.М.Карабаева, кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі мектеп инспекторы А.О.Казезов және полиция майоры Руслан Сергеевич Ураковпен бірігіп "Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шара өткізілді.Түн ішінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады.
https://www.youtube.com/watch?v=G5bvmGWlCZY

Республикалық"Сүйемін сені, Қазақстаным!"байқауы аудандық кезеңінде 3 сынып оқушысы Нурмамадов Амир 1орын алды. Мектептің Yotub-арнасында видео жарияланған.