«Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: тарих контекстіндегі қазақ мемлекеттілігінің көпғасырлық қалыптасу тарихын; Тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуын көрсету.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру, "Балалар жылы- 2022" және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мен шахмат ойынын насихаттау мақсатында 2022 жылдың 12 желтоқсан күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де 2-11 сыныптар арасында Алгожина А.Қ, Узаков Е.Н. және Көкқыз Х жетекшілігімен шахмат ойынынан мектепшілік олимпиада өткізілді.

Ойын үлкен қызығушылық тудырды. Өткізілген ойын қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталды:

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

1-орын: Талғатова Гаухар 5а сынып

2-орын: Бексейтов Амир 3 ә сынып

3-орын: Ерден Мәдимухамет 4 ә сынып

1-орын: Ахметов Аблай 10 а сынып

2-орын: Ахметов Мирас 10 а сынып

3-орын: Юсуп Арнат 9 а сынып

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын Солтүстік Қазақстан облысында іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, 2022 жылдың 6 желтоқсанында «Новосельская орта мектебі» КММ-де «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жиыны өтті.
"Салқынкөл орта мектебі" КММ-де 11 сынып оқушыларымен, сондай-ақ олардың ата-аналарымен 2022-2023 оқу жылындағы ҰБТ туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
“Тоқсан би орта мектебі” КММ-нде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орай 2-10 оқушылар арасында шахмат бойынша мектепішілік олимпиада өтті.
Пікірталас клубының мүшелері Мотова Э. мен Филюкова М. Zoom арқылы аудандық турнирге қатысты. Пікірталас - интеллектуалды ойын, ол пікір сайысының ерекше түрі болады, белгілі ережелер бойынша жүргізіледі.
Құстарға үй салу – өте сауапты іс. «Құстарға қыстау қиын - біз құстарға көмектесуіміз керек!» Мақсаты: құстарды қорғауға, күтуге, қыста азықтандыруға назар аудару. Аға кеңесші Кашей А. жетекшілігімен «Бірлік» еріктілер жасағы құстарға арналған жемшөптер жасап, мектеп жанына, сонымен қатар ойын алаңына орналастырды.
Аға тәлімгер Кашей А. жетекшілігімен "Бірлік" еріктілер тобы ауылдың жалғыз тұратын зейнеткерлеріне ауланы қардан тазартуға көмектесті.
2022 жылдың 13 желтоқсанында "№1 Новоишим орта мектебі" КММ Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының бастамасымен "Lesson Study менеджменті мектептегі әдістемелік процесс жүйесі ретінде: мәселелерді жоспарлау және анықтау" тақырыбында "Кәсіби желі жағдайында педагогтың зерттеу мәдениетін жандандыру" атты аймақтық диалог алаңы өтті. Семинар қатысушылары: БСӘЖАТО әдіскері Л. Ф. Ельцова, "Приишим орта мектебі" КММ директорының м.а., Петропавл қ. ПШО жаттықтырушысы С. В. Шевченко, "Лавровка орта мектебі" КММ директорының м. а. Г. А. Мукашева, "№ 2 Новоишим орта мектебі" КММ директорының м. а. Ш.С.Оразбаева, "№ 2 Новоишим орта мектебі" КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары И. К.Булатова, Айыртау ауданының білім бөлімінің әдіскері Б. К. Дюсенова, ағылшын тілі мұғалімі Ю. В. Сирота, "№ 1 Новоишим орта мектебі " КММ педагогтары: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Ж. А. Ержанова, А. Д. Жулдузбекова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Б. Кенжебекова, С.М.Нұртазина, бастауыш сынып мұғалімі Л.А.Алексеенко, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Н.Конюша, химия мұғалімі О.М.Алексеенко, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.В.Шаблий, математика мұғалімі З.Ж.Джакупова, биология мұғалімі А.В.Спасибушкина, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері А.Хизат, Д.А.Алибаева. Семинардың тыңдаушылары Ғ. Мүсірепов атындағы аудан мен Айыртау ауданының педагогтары болды. Педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісті, шеберлік сыныптары мен тренингтер көрсетті.