IQanat қоры Қазақстанда ауыл оқушыларына сапалы білім алуға көмектеседі. 2022 жылдың 8 қарашасында 8-сынып оқушылары Григорьев Артём, Бенга Артём ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасына қатысты.
<p>8 қараша күні Новоишим қазақ орта мектебінің математика мұғалімі Киргизбай Аяулым Бакытжанқызы «Даранды балаларға- талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып, ІІ орын иеленді. Олимпиаданың мақсаты- жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.</p>
Рымарчук В.Г. "Тоқсан би орта мектебі" КММ-нің кәсіподақ комитетін 15 жылдан астам уақыт басқарады, оның педагогикалық өтілі 37 жыл құрайды. Валентина Георгиевна көпжылдық ерең еңбегі үшін тамыздық конференциясында ағымдағы жылдың 4 қарашасынан 6 қарашасына дейін Discovery Borovoe шипажайына жолдамамен марапатталды.
Ағымдағы жылдың 4-қарашасында "Тоқсан би орта мектебі" КММ-нің жас педагогы Түкен К.Н. Петропавл қ. Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған облыстық "Жас ұстаз - табысқа апарар жол" форумына қатысты. Бағдарламада оқыту мәселелері бойынша тақырыптық алаңдар, топтар құру, сезімдік мәдениетін дамыту тренингтері, шеберлік сыныптар болды.