Наурыз мейрамы қарсаңында" Бірлік орта мектебі " КММ ұжымы "Ұлттық киім"челленджін қолдайды
Мектеп қызметкерлері "Ұлттық киім" челленджіне қатысты, қазақ дәстүрлеріне құрметін білдіріп, өзінің Қазақстан Республикасына жататынын көрсетті.
Көктем мерекесі қарсаңында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханасында Наурыз мейрамына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Наурыз мейрамын тойлау тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қазақтың ұлттық киіз үйі, ұлттық тағамдар туралы кітаптар қойылды.
Наурыз-қазақтар үшін де, Азияның көптеген халықтары үшін де бес мың жылдан астам уақыттан бері атап өтіліп келе жатқан басты мереке.
Наурыз-көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басталуы, жаңа өмір.
2023 жылдың 16 наурыз күні Новоишим қазақ орта мектебінде 1-2 сынып оқушыларға арналған "Әз Наурыз" атты мерекесі өтті. Іс- шара барысында ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден сыр шертетін әңгіме айтылды. Сонымен қатар Ұлыстың ұлы мерекесінде екі кішкентай егіз ұл балалардың тұсауы кесіліп, қазақы ойындарымыз да назардан тыс қалмады. Оқушылар және ата- аналар арқан тартудан, би, өлеңдерден бақ сынасты. Жалпы оқушылар мен ата-аналар мерекелік іс- шараға аса ыждаһаттылықпен дайындалғаны көрініп-ақ тұрды.
Қыстан аман-есен шығып, мал тұяғы көкке, аузымыз аққа ілініп, ұлтымыздың Жаңа жылы мектебімізде осылай тойланды. Барлығының көңіл-күйлері керемет болды! Әріптестерімізді, ата-аналарымызды, шәкірттерімізді ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз.
Жаңа жылымыз жаңа табыстарға жетелесін!
Наурыз - көнеден келе жатқан мереке. Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады. Ұлттық мерекені шағын орталықта атап өтудегі басты мақсат - салт-дәстүр, Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Бұл - бала тәрбиесіндегі басты қағида.
Осындай игі іс- шара «Новоишим қазақ орта мектеп» КММ жанындағы «Қызылжар» шағын орталығында өтті. Бұл дәстүрлі шараға «Балапан», «Балдырған», «Жұлдыз» тобының тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер қатысты. Кішкентай бүлдіршіндер өю-өрнектеп тігілген, көздің жауын алатын киімдерді киіп, би билеп, ән салып, ұлттық ойындар, қол күрестен өнерлерін көрсетіп, таң қалдырды. Іс-шара көңілді ән мен мың бұралған бишілердің биімен жалғасты. Наурыз мерекесіне арналған ұлттық нақыштағы бейнеленген киіз үйдің ішіне қазақтың кебежесін, шымылдығын, ат әбзелдерін, ыдыс-аяқтарын қойып безендіріп, дастархан жайылып, арнайы дайындалған. Өнерлі тәрбиешілеріміз «Тұсау кесу» рәсімін көрсетіп, мерекенің шырайын келтірді. Шара соңында балалар арнайы дайындалған дастарханнан ұлттық тағамдар мен наурыз көжеден дәм татты.