"Пески орта мектебі" КММ - де "20 минуттық оқу"акциясы бойынша "Оқу мектебі" жобасын іске асыру аясында 4 сынып оқушылары А.С. Пушкиннің "ертегілер"кітабын оқыды. Оқудың нәтижесі оқушылардың оқыған ертегілері бойынша lap book құруы болды.
2023 жылдың 18 наурыз күні кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кесте бойынша 10-сынып жетекшісі К.М.Карабаева және информатика пән мұғалімі Ш.Ө.Сапарғали "Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шаралар өткізді.Түн ішінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады.
Ұлттық әдет-ғұрып мен дәстүрлерді сақтауға арналған "Жоралғы күні" 5-10 сыныптар оқушылары қазақстандық әртіс Димаш Құдайбергеннің орындауында "Көрұғылы", "Әлқисса", "Балбырауын", "Сары Арқа" күйлерін тыңдады.
<div>17-18 наурыз аралығында Петропавл қаласында IQanat республикалық олимпиадасының II туры өтті. Біздің мектептен екінші турға 8-сынып оқушылары Мұқанов Сұлтан мен Ткаченко Яна қатысты.</div><div>Іс-шара барысында балалар спорттық жарыстарға, зияткерлік ойындарға қатысты, сондай-ақ облысымыздың басқа аудандарындағы балалармен танысып , сөйлесіп алды.</div>