2023 жылдың 3 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Мектеп Президенті Шарбекова Нұрайым және Мектеп Парламент мүшесі Ахметжанов Мадияр ұйымдастыруымен алтыншы сыныптар арасында «Білгірлер сайысы»өтті. Мақсаты:<br />1. Білімділік: Жан – жақты ой – өрісі кең, өз елінің, халқының, қамын ойлайтын азамат болуға баулу.<br />2. Дамытушылық: Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, ой – қисынын дамыту.<br />3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, жауапкершілікке баулу.<br />Сайыс үш кезеңнен өтті.Бірінші кезең логикалық сұрақтарға жауап беру.Екінші кезең мақал-мәтелдерді жалғастыру,үшінші кезең сурет бойынша жағдаят құрастырып,шешімін қарсылас топ шешу.Содан кейін эмодзи арқылы мультфильм атауын анықтау ойыны болды.Балалардың барлығы белсене қатысты.